Русский Сайттың толық нұсқасы

"10 жыл үйде отырмады". Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз Абдукаримованың ұзақ уақыт ел алдына шықпау себебін түсіндірді

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2024
  • 14416

Продюсер Гүлзира Айдарбекова "Жақсы адамдарым" бағдарламасында Жұлдыз Абдукаримованың 10 жыл бойы неге ел алдына шықпағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қайраттың сахнаға шығып жүрген кезі. Басынан бастап Жұлдызға түсіндіріп айттым. "Жұлдыз, бұл енді-енді сахнаға шығып жатыр. Халықтың адамы болады. Ертең үйде бір күн бар, бір күн жоқ болады. Сол кезде екеуің ұрсысып, менің көңіл-күйімді түсірмейсіңдер ме" деп сұрадым. "Мен де өнер адамы болғасын, мен де түсінемін" деп жауап берді Жұлдыз. "Біздің көзімізше ұрыспаңдар, ұрыстарыңды біз көрмейтін болайық" деп уәделестік. Сол уәдесі уәде, Жұлдыз біздің көзімізше ұрсысқан жоқ. Сосын балаларын дүниеге әкелді. 10 жыл үйде қамақта отырған жоқ. Көлігін айдап үйренді, оқуын оқыды. Қайратпен бірге шетелге қыдырып, ағайындардың арасында жүрді. Екі ұл, екі қызы өскен соң Жұлдыздың ата-анасына "Жұлдыздың жұлдызын жандырамын" деп уәде берген едім. Содан кейін уақыты келді дедім. Бір жыл киноның сценарийін іздедім. Сөйтіп, Жұлдызды актриса ретінде танытпақ болып, осылай кино түсірдік. Айналып келгенде мұның бәрі Қайраттың еңбегі, біз тек себепкер болдық", - деді продюсер.

Сондай-ақ, ол "Арман" бейнебаянын түсірерде Жұлдызды да өзі таңдағанын айтты.

"Қайраттың туған күніне бірге оқитын қыздар келді. Соның ішінде Жұлдыз да болды. Қарап отырып, Жұлдыз қатты ұнап қалды. Қайрат пен Жұлдыздың көзқарасын да байқадым. "Маған осы қыз ұнады" деп Жұлдызды бейнебаянға түсіретін болып шештім", - деді Гүлзира Айдарбекова.