Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2024
  • 643

Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды.

Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

Павлодарда қала ішінде жүретін автобус жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай, жол ортасындағы трамвай желісінің бағанына соғылды.

"Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.