Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Қазақстанның хоккей құрамасы АҚШ-пен кездеседі

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2024
  • 782

Бүгін, 19 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде АҚШ-қа қарсы ойнайды.

Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.

Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатыр.

Қазақстан мен АҚШ кездесуі сағат 19.20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.