Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау тегін болады

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2024
  • 651

МӘМС сақтандыру мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау тегін болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бұл халықтың осы тобы үшін медициналық көмекке қолжетімділікті кеңейтеді, медициналық көмекті уақтылы алуға және патологияларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді.

«Егер қазір сақтандырылмаған азаматтарға тек туберкулезге және АИТВ инфекциясына күдік болған жағдайда ғана қызметтер қолжетімді болса, онда нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін диагностика онкологиялық ауруларға, созылмалы В және С гепатиттеріне және психикалық ауруларға күдік болған кезде қолжетімді болады», деп жазылған хабарламада.