Сауд Арабиясының 88 жастағы королі Салман ибн Абдул-Әзиз әл Сауд жексенбіде,19 мамырда ыстығы көтеріліп, буындарының ауруына байланысты медициналық тексеруден өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауд Арабиясының мемлекеттік баспаcөз агенттігінің хабарлауынша, король Салман Қызыл теңіз жағалауындағы Жидда қаласындағы әл-Салам сарайының корольдік клиникасында тексеруден өтеді.
"Емдеуші медициналық топ оның денсаулығына диагностика жасау үшін тексеру жүргізу туралы шешім қабылдады", делінген хабарламада.