Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда мас күйде көлік айдаған ер адам балалар бар көлікпен соқтығысқан

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2024
  • 673

Ақтауда мас күйде көлік айдаған ер адам жол ережесін бұзғанына қарамастан ішінде балалар бар көлікпен соқтығысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде 18 мамырдан 19 мамырға қараған түні болған жол көлік оқиғасы бар кадрлар пайда болды.

Куәгерлердің хабарлауынша, Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі 20 шағын ауданнан келе жатып, қарсы жолдағы жеңіл көлікпен соқтығысқан. Соған қарамастан ол тоқтамай 12 шағын аудандағы қиылыста "Жас Қанат" спорт кешенінің жанындағы Kia көлігіне соқтығысқан. Бұл көліктің ішінде кішкентай балалары бар отбасы болған.

Аймақтық полиция департаменті Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі оқиға болған кезде мас болғанын растады. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік айыппұл тұрағына жабылған.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясында дәрігерлерге шақырту сағат 23:05-те түскені хабарланды. Ал зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілген. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты.