Русский Сайттың толық нұсқасы

Астаналықтардың 8 млн теңгесін алып, тақырға отырғызған алаяқтар ұсталды

Шымкент қаласының үш тұрғыны алаяқтық әрекеті үшін ұсталды. Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, олар автокөлік ұтыс ойынына қатысамыз деген желеумен интернет ресурстарын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілерге тиесілі қаражатты иемденген. Күдіктілер өз кінәларын мойындап уақытша ұстау изоляторына қамалды. Азаматтарға келтірілген шығын көлемі -8 млн теңге. 

Дархан САЙРАНБЕКОВ, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күдіктілердің Астана қаласы және ҚР аумағында осындай 25 қылмыстық іске қатыстылығы анықталды. Астана қаласының ПД бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.