Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары сотталды

Шымкентте қала әкімінің экс-орынбасары Мақсұт Исаховқа қатысты сот үкімі шықты. Істі қараған қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы шенеунікке 8 жыл 5 ай 7 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол өткен жылдың шілде айында қамауға алынды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкеріне істі қысқарту үшін 200 мың АҚШ доллары көлемінде пара беруге оқталды деген айыппен сотқа тартылған болатын. Экс-орынбасар үкімді онлайн тыңдады. Ол денсаулығына байланысты емдеу мекемесінде. Сотта Исаховтың өзі пара беруге оқталуды соңына дейін мойындамаған. Судья Әбинұр Қарабаев сотталушының кінәсі куәлердің жауаптарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және жасырын тергеу әрекеттер нәтижелерімен дәлелденді деді.

Әбинұр ҚАРАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Жасырын тергеу әрекеттерінде Исахов өзі Сарбасовқа ұсыныс жасап жатыр : «Мына істі қысқартыңыз немесе Сыбайлас жемқорлық басқармасына жіберіңіз» деп өтініш жасаған. Сол кезде Риксоста отырып қағазға жазған 200 мың... Ақшаны інісі арқылы беріп жіберген. Пакет. Інісі білді ма, білмеді ма ол жерде ақшасы барын...Інісі өзінің досына береді, досы апарып береді магазинге, магазиншіге береді. Сол кезде видеоға түсірген.

Сот үкіміне сәйкес, Исахов өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды. Мемлекеттік наградалары қайтарылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.