Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей дипломатына ілтипат білдіріп, екі елдің қатынасы стратегиялық тұрғыда қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Қос тарап кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және инвестициялық-өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету мәселесін талқылады. Сондай-ақ Президент «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды.