Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда балаларға арналған инклюзивті спорт фестивалі өтті

Қостанайда «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында балаларға арналған инклюзивті спорт фестивалі өтті. Жарысқа жүзге жуық мектеп оқушылары қатысты.

Тобыл өңірінде тұңғыш ұйымдастырылған игі шараға партия жанындағы «Әйелдер қанаты» мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мұрындық болды. «Тең мүмкіндіктер» спорт фестиваліне облыстың 3 қаласынан және 9 ауданынан жүзге жуық жасөспірім қатысты. Олар спорттың үш түрінен бақ сынасты. Ерекше күтімдегі балалар арасында өткен байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың өнерін насихаттау. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға бейімдеу. Кедергісіз орта қалыптастыру. Осының бәрі сайлауалды бағдарлама мен «Кедергісіз келешек» жобасының негізгі бағыттарының бірі. 

Болат СҰЛТАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

«Әйелдер қанаты» атынан балалардың барлығына сыйлық берілді. Рюкзак ішінде тәтті өнімдер мен сусындар бар. Сол балаларға кішкене қуат берсін деп жарыс кезінде. Сондай сыйлықтар сыйладық. Балалар өте көңілді. Бір-бірімен танысып, жарысқа кірісіп кетті.

Арсен КҮМБЕСҰЛЫ, СПОРТШЫ:

Мен бүгін бочча спортына келдім. Бочча спортына екі жылдан аса қатысып жатқаныма. Осы спорт маған ұнайды. Командаммен бүгін жарысқа келдім. Бүгін жеңемін мен көңіл күйім жақсы.

 Дәл осындай фестиваль Жамбыл облысында да өтті. Сайысқа облыс орталығы мен аудандардан 32 команда қатысып, жеңіл атлетика, бочча және эстафета сынды спорт түрлерінен сынға түсті. Жеңімпаздар республикалық байқауда өнер көрсететін болады.