Танымал әнші, Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төс белгісімен марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүркіт лақап атымен танылған Айбек Жансейтов жақсы жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті.
“Сүйінші! Аиша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының “Мәдениет саласының үздігі” төс белгісімен марапатталды. Махаббаттарыңыз үшін үлкен рахмет! Сенімдеріңізге алғыс білдіремін. Қуанышымда шек жоқ!”, – деді әнші.
“Құттықтаймын жастарға керемет үлгісіздер”, “Құтты болсын сол төсбелгісіне лайықты жан”, “Өте мейірімді, ақкөңіл жан, марапатына әбден лайық”, “Не үшін, қай еңбегі үшін, жауап жоқ”, “Өзі де ұялатын сияқты”, “Іштеріңіз күйсін, әбден лайықты”, – деп таласты пікір қалдырушылар.