Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді зираттар да цифрландырылатын болады

Сандық жүйе арқылы марқұм болған жақыныңыздың қай жерде жерленгенін анықтауға болады. Цифрландыру зиратқа да жетті. Павлодарда мұсылмандар жерленген қабірлер сандық жүйеге көшпек. Бұл қалай десеңіз? Қарапайым тілмен түсіндіріп берейік. Цифрландыру арқылы әлемнің кез келген жерінде отырып, қайтыс болған туған-туысыңыздың қай зиратта жерленгенін біле аласыз. Бастысы марқұмның есімі мен әкесінің атын дұрыс жазсаңыз болғаны. Осылайша, елдегі барлық зираттар цифрландырылып, бірізділікке көшірілмек. Қазір еліміздің 6 аймағында сандық жүйге ауыстыру жүріп жатыр. Павлодар қаласында 20-ға жуық мұсылманы зираты осы платформаға өтпек. Бұл арқылы ұйымдастырушылар елімізде зираттарға зиярат ету мәдениетін қалыптастырмақ.

Мейрамбек ҚАБЫЛБЕКҰЛЫ, ҚМДБ "QAMQOR-SHARAPТ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің еріктілер зираттың басындағы құлпыстасты фотоға түсіреді де приложение арқылы базаға енгізе береді екі кнопканы басады да. База өзі тартып алып кете береді. Сол жерде не жазылған соны біздің серіктес компанияда мамандарға отыр. Бұның бәрі соларға тікелей барады.

Ал жазуы өшіп қалған құлыптастар мен аты-жөні жазылмаған қабірлерде жатқан марқұмдарды анықтау үшін мамандар арнайы жұмыс жүргізбек. Белгісіз марқұмдар туралы мәлімет іздестірілетін болады. Сандық жүйе қазір тек Астана мен Шымкент қалаларында ғана қолданысқа енгізілді. Алдағы уақытта еліміздегі барлық зират қамтылады - деп жоспарланып отыр. 

Еркін МҰРАТҰЛЫ, «SHARAPТ DIGITAL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Мемлекетке пайда жері статистика. Общий отчетности. Мысал үшін бір мазаратта қанша адам жатыр, қашан толады. Қашан жаңасын ашамыз. Отчетностқа өте жақсы.