Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік кеңесші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысын өткізді

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2024
  • 616

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысын өткізді. Басқосуда Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы қаралды. Мемлекеттік кеңесші Кешенді жоспарда қарастырылған іс-шараларды сапалы орындаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Мемлекеттік органдар мен мекемелерге жоспардағы тиісті шараларды толық орындау туралы тапсырма берді.