Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында шегірткеге қарсы 10 мың гектар жер залалсыздандырылды

Ақтөбе облысын шегіртке басу қаупі бар. Мамандардың айтуынша, шілденің соңында өңірде зиянкес қаптауы мүмкін. Бүгінде жеті ауданда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде он мыңнан астам гектар жер өңделген. Шегіртке дернәсілдерінің алғашқы жер бетіне шығуы Ырғыз ауданында басталған. Бүгінде басқа тағы алты ауданда зиянкестердің бар екені анықталды. Ол жерлерге азиялық және италяндық прус шегірткесінің жұмыртқалаған көрінеді. Облыста 784 мың гектар жерді үйірлі шегірткеге қарсы өңдеу шарасы жүргізілмек. Ол үшін 105 техника жұмылдырылған. Облыстық бюджеттен шегіткемен күрес шарасына 304 млн теңге қаражат бөлініп, оған 55 мың литрден астам дәрі сатып алынды. 

Арыстанбек ЖАКИБАЕВ, АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Алға, Байғанин, Мұғалжар, Ойыл, Темір, Шалқар, Ырғыз аудандарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 10 мың 700 гектар жер обработка істедік. Қазір бізде негізі ең көп обработка жасайтын Әйтеке би ауданы ғой. 306 мың гектар.