Русский Сайттың толық нұсқасы

Жүк көлігімен келін әкеліп, кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

Түркістан облысында жергілікті тұрғындардың бірі жүк көлігімен келін әкелген. Той кортежін ұйымдастырғандар жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Келеңсіз жағдай Қазығұрт ауданында тіркелді. Ауыл көшелерінің бірінде мемлекеттік белгісін тақпай, арнайы жарық шамдарын жағып, қатарласып жүрген автокөліктерді жергілікті полиция қызметкерлері анықтады. Арасында жүк көлігі бар құқық бұзушылардың той кортежін ұйымдастырып, келін әкеле жатқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған көліктерді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді.Оған бірден бес хаттама толтырылды. Түркістан облысы Полиция департаментіндегілердің дерегінше, жеңіл автокөліктегілер де айыппұл арқалады.