Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде мопед жүргізушілері 300-ге жуық жол ережесін бұзған

Ақтөбеде мопедтің қатысуымен екі жол апаты болып, екі адам жарақаттанды. Қазір олар ауруханада. Жалпы жыл басынан бері 300-дей скутер жүргізушісі жол ережесін бұзып, жауапқа тартылған. 25 мотокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Өңірде биыл сол мотокөліктердің қатысуымен алты жол-көлік оқиғасы болып, алты адам түрлі жарақат алған. Оның біреуі -жасөспірім. 

Ардана САЙМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Кеше күні болған тағы екі жол-көлік оқиғасы кіріп тұр. Түнде біреуі және кеше тағы біреуі болды. Екеуінде біреуінде мопед жүргізушісі өзі кінәлі. Екіншісінде керісінше мопед жүргізушісінің әрекеті дұрыс, автокөлік жол жүру қағидасын бұзып тұр.