Калашников автоматымен досын атып өлтірді. 28 жастағы тараздық тұрғын қаруды абайсызда атып алғанын айтқан. Қарудың дауысынан көршілердің үрейі ұшып, полицияға хабар берген. Қаңғыған оқтан құрдасы марқұм болған. Қамауға алынған күдіктіге кісі өлтіру бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Қажетті сараптамалар тағйындалды. Алдын-ала ақпарат бойынша қару қаңтар оқиғалары кезінде Жамбыл облысының ПД ұрланған. Қазіргі уақытта олардың аталған оқиғаларға қатыстылығы тексерілуде.