Русский Сайттың толық нұсқасы

Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық компания сатып алды

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2024
  • 415

Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық SOVICO Group компаниясы сатып алды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен SOVICO тобының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгтың кездесуінде белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу барысында "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы мен SOVICO компаниялар тобына кіретін Aviation Holdings Company арасында Qazaq Air авиакомпаниясын сатып алу шарттарына қатысты міндет жүктейтін ұсынысқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды. Алдын ала жасалған уағдаластықтарға сәйкес инвестор 5 жыл ішінде Boeing 737-Max8 және Airbus A320/321 модельді кемінде 20 ұшақ әкелуді жоспарлап отыр. Сатып алу-сату шартына қол қою және мәмілені аяқтау жұмыстары жақын арада іске асырылмақ.

Сонымен қатар Қазақстан-Сингапур бизнес форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен SOVICO Group арасындағы Стратегиялық серіктестік жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.