Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік тұрғын үйін жөндеуге және мүлкіне өтемақы алды

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2024
  • 701

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының тұрғыны Айдана Орынбасарованың көктемгі су тасқыны кезінде үйі суға кетіп, қазіргі таңда бүлінген мүлкі мен үйіне жөндеу жұмыстары үшін өтемақы алған.

Бүгін облыстық қоғамдық штаб мүшелері Гүлқасима Сүйінтаева мен Ербол Данағұлов үйіне арнайы барып, жөндеуден кейінгі үй жағдайымен танысты.

Айдана материалдық шығынды өтеу үшін берілген өтемақыға риза екенін айтып, өз ризашылығын білдірді.