Русский Сайттың толық нұсқасы

21 жастағы павлодарлық қыз 88 жастағы зейнеткерді тонады

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2024
  • 827

Тонау фактісі бойынша Павлодар қаласының полициясына Павлодар қаласының 88 жастағы тұрғыны жүгінді. Зейнеткердің сөзінше, кешке таяу бейтаныс қыз есіктің қоңырауын басқан. Пәтерге кіріп, зейнеткерді әңгімеге тартып, шкафтан әмиянды алып, ішіндегі ақшаны ұрлап кеткен, деп хабарлайды  қалалық полиция басқармасы.

«4 күннен кейін бұл қыз үйге қайта келіп, кіріп, жастықтың астынан, кереуеттің астынан ақша іздей бастаған, бірақ ештеңе таппай, " Panasonic" маркалы телефонды тоқтан суырып алып, пәтерден белгісіз бағытта жүгіріп шығып кеткен. Жәбірленуші ұлына қоңырау шалып, полиция қызметкерлерін шақырды» –деп хабарлайды Павлодар қ.ПБ ОПБ бастығы Жандос Орынбаев.

Қабылданған шаралармен жедел уәкілдер зейнеткерді тонаған ұрлықшыны тапты.

 Ол 21 жастағы павлодарлық қыз болып шықты.

Заттай дәлелдеме алынып, күдікті өз қажеттіліктеріне ақшаны жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Павлодар қ. ПБ УҚИ-не қамауға алынды.