Русский Сайттың толық нұсқасы

Танымал блогерді балағаттаған қазақстандық стендапер 15 тәулікке қамалды

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2024
  • 960

Әзілкеш, стендапер Нұрасхан Басқожа желіде Madlen лақап атымен танылған Мадина Мамадалиеваның жеке басына қатысты мәлімдемесінен кейін 15 тәулікке қамауға алынды. 

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі стендап-комикке ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылғанын (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі) мәлімдеді.

“Сот анықтағандай, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап айту кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады”, – делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Сот айыпталушыны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.