Чехия президенті Петр Павел мотоциклмен жүргенде жарақат алып, ауруханаға түсті.
"Республика Президенті мотоциклмен жүру кезінде жарақат алды. Жарақаттар ауыр емес, бірақ дәрігерлердің қысқа мерзімді бақылауын қажет етеді", — делінген хабарламада.
Чех көшбасшысы Прагадағы Орталық әскери госпитальға жеткізілді.