Саяси додаға дайындық жан жақты пысықталып жатыр. Бүгін сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясы ТМД елдері байқаушылар миссиясы штабының өкілдерін қабылдады. Қос тарап жалпы сайлау барысында атқарылар және міндеттелер істерді талқылап, заңнамалар жөнінде біраз сұрақтардың басын көтерді. ТМД-дан ресми түрде байқаушылар қатарына 241 адам тіркелген екен. Оның дені Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды мемлекеттен келетін мамандар.
Нұрлан Ерімбетов, Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның төрағасы:
Үлкен топ, тәжірибесі бар кісілер келіп отыр. Қазір елімізде болып жатқан сайлауалды мәселелерге байланысты, сайлауға қатысады. Бізге олардың тәжірибесі керек. Оларға біздің тәжірибеміз керек. Енді сырт көз ғой!
Азамат АЛДОҢҒАРОВ