Жазушы Мырзатай Жолдасбеков жылдар бойы жинаған 10 мыңға жуық кітапты кітапханаға сыйға тартты. Бүгін ұлттық кітапханада профессордың шығармашылығына арналған «Бар байлығым – кітаптарым» атты шара өтті. Мырзатай Жолдасбеков- түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін алғашқылардың бірі болып зерттеген ғалым. Ол өзінің еңбектерінде қазақ жазба тарихын, ақын Жамбыл Жабаев пен Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығын талдаған.
Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:
Жинайтын дүние де мал да жоқ. Біз кітап жинадық. Кітапсыз үй - тақыр кедей сияқты көретінбіз. Қандай қымбат болса да кітап алуға тырысушы едік. Халықтың қажетіне жарасын деп мен осы кітаптарды түгел мемлекеттің қарамағына өткізейін деп келдім.