Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы Көлсай және Қайыңды көлдеріне биыл 80 мыңнан астам турист келді

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2024
  • 644

Алматы облысындағы Көлсай және Қайыңды көлдеріне жыл басынан бері сексен мыңнан астам турист келген. Олардың көпшілігі -алыс-жақын шет ел азаматтары. Қазақстанның таңғажайып табиғаты қонақтарды таң қалдыруда. 

Көлсай көлдері туристерді ерекше қызықтыратын орын. Әсіресе, шетелдіктер мұнда көп саяхаттайды. Өткен жылы туристік орынға 250 мыңнан астам адам келген. Ал биыл бұл екі есе артады деген болжам бар.

Нұрбақыт ТЕНІЗБАЕВ, КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

 Бүгінгі осы 4,5 айдың көлемінде бізге уже 80 мыңнан аса туристер келіп жатыр. Көбі шетелдік туристтер. Енді осы осы туризмді дамыту мақсатында біздің Кеген ауданында әдемі, көрікті, сұлу табиғатымызбен көптеген туристерді қазір қарсы алып жатырмыз.

Қазір облыста туризмді одан әрі дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жаяу жүргіншілер жолдары, қонақ үйлер мен фуд-корттар салынып жатыр. Ұялы байланыс пайда болды. Ендігі мәселе- жолдың жайын реттеу.

Қуанышбек МИРАМБЕКҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазір Алматы облысында Қайыңдыға көп көңіл бөлеміз. Одан бөлек бізде Талхиз, Түрген шатқалы, Ассы үстірті сияқты көптеген туристік орындар бар. Біз барлық жерде жұмыс істейміз. Біз автомобиль жолдарын салудың жол картасын қарастырып жатырмыз.

Алматының әсем пейзажын тамашалағысы келетіндер жылдан жылға көбеюде. Өңірде биылғы туристік маусым ресми түрде ашылды.