Русский Сайттың толық нұсқасы

Жол ережесін бұзғандар айыппұлды аз төлеуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2017
  • 2937

Сот сараптама қызметі толықтай Әділет министрлігіне берілетін болды. Елбасы бүгін «Сот-сараптама қызметі туралы» Заңға қол қойды. Аталған жүйенің кейбір функциялары бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын.

Осылайша, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар Әділет министрлігінің  құзырында болады. Мемлекет басшысы қол қойған құжат сот-сараптама қызметін  жетілдіруге бағытталған. Бұл- саладағы ішкі қарама-қайшылықтарды жойып, жүйені толықтай ашық, әрі тәуелсіз етуге мүмкіндік береді. Биыл Әділет министрлігі "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы" Заң жобасын әзірлеп жатыр. Енді жол ережесін  бұзғандар мен өзге де тәртіпсіздікке жол бергендерге жаза түрлері жеңілдеуі мүмкін. Мөлшері тым көп айыппұлдардың кейбірі азаюы ықтимал.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

Құжатта әкімшілік құқық бұзушылықтың 150-ден аса түрі бойынша айыппұл мөлшерін азайту көзделген. Сондай-ақ, жай ғана ескерту түріндегі жеңіл жазаны қарастыратын баптарды көбейту назарға алынды. Лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдың сомасын 30 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін нормаларды қолдану да бар.