Русский Сайттың толық нұсқасы

Алаяқтар енді Шымкент әкімінің атын жамылып жүр

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2024
  • 760

 Интернет-алаяқтар енді Шымкент әкімінің атын жамылып, оңай олжа табудың әдісіне көшкен. Бұл туралы қала әкімі желі парақшасында жазып, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Шаһар басшысының жазуынша, WhatsApp мессенджерінде әкімнің атынан жалған хабарламалар жіберіліп, тіпті ақша сұрап жатыр екен. 

«Бұл жалған! Мұны интернет-алаяқтары жібереді. Сіздерден жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша аудармауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Менің Instagram, Facebook әлеуметтік желісінде тек екі ресми аккаунтым бар. Мен барлық хабарламаларды тек жеке телефонымнан және ресми аккаунтымнан жіберемін. Егер сізге менің фотосуретім қойылған жасырын нөмірден қоңырау немесе хабарлама келсе, оған мән бермеңіз. Сақ болуларыңызды және арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймын»,- деп жазды Шымкент әкімі.