Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауда көлік жуатын орын өртеніп кетті

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2024
  • 781

Ақмола облысында өрт сөндірушілер көлік жуу орнындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Көкшетауда өзіне-өзі қызмет көрсететін автокөлік жуу орны өртенді.

Өрт 850 шаршы метр алаңды шарпыды.

Өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.