Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде баспана алу көрсеткіші өскен

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2017
  • 3128

Қазақстандықтар баға өспей тұрып, баспаналы болуға тырысып жатыр. «Ранкинг» сараптамалық орталығының мәліметінше, жылжымайтын мүлік бағасының тұрақтануы осы нарықтағы белсенділікті арттырмақ.

2016 жылы қазақстандықтар үйлерді сату-сатып алу бойынша 190 мың келісім жасаған. 2015 жылмен салыстырғанда бұл 15 пайызға көп. Себебі өткен жылы жаңа салынған үйлердің шаршы метрінің құны 4 пайызға түскен. Ең көп келісім Астана қаласында жасалған.  2015 жылы тоғыз мыңнан асса, 2016 жылы 26,5 мыңдай келісім жасалған. Екінші орында Алматы қаласы. Мұнда 2015 жылы 8 мың, 2016 жылы жиырма сегіз мың бес жүз келісім жасалған. Үштікті Қарағанды облысы қорытындылайды. Онда 2015-те бір жарым мыңнан аса, 2016 жылы он тоғыз мыңнан аса келісім жасалған.

Сарапшылар бұл көрсеткіштің "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаннан кейін артатынын айтады. Бағдарламаның мақсаты - 15 жылда 1,5 миллион отбасын баспанамен қамтамасыз ету.