Қарағанды облысында ”АМАNАТ” партиясының белсенділері “Балалар- Аманатымыз” акциясын бастады. Балаларды қорғау күніне орай жарияланған халықтық жоба ең алдымен ата- ана қамқорлығынанан айырылған кішкентай қазақстандықтарды қолдауды көздейді.
“АМАNАТ” партиясы аймақтық филиалының өкілдері мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып, түлектермен тәлімгерлік кездесу өткізді. Белсенділер оларға алдағы уақытта кез келген сұрақ туындаса нақты қолдау көрсететіндерін жеткізді. Мұнда дамуында ақауы бар жеткіншектер 9- сыныпты тәмамдап, орта оқу орындарына түседі. Араларында денсаулықтары нашар болса да интеллектісі толық сақталған жасөспірімдер де бар. Көпшілігі ресторатор, тігінші, аспаз, құрылысшы,шаштараз, аити маманы мен мұғалім, тәрбиеші секілді сұраныс көп кәсіптерді таңдаған. Сонау 1932 жылы жас қылмыскерлерге арналып ашылып, кейін 2 жылдан соң қуғын- сүргін құрбандарының балалар үйіне айналған мекеме бүгінде мыңдаған балаға бағыт- бағдар берген үлкен шаңыраққа айналған. Биыл 90 жылдығын атап өтпек. Партия белсенділері ұжымға арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.
Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
“Бұл акцияның басты мақсаты балалар біздің үлкендердің аманаты, сол аманатқа біз адал болуымыз керек. Бүгін “Amanat” партиясының мүшелері, біз қоғам белсенділері, “Amanat” партиясынан сайланған барша депутаттар өз өңірлеріндегі әрбір балаға осы “Балалар аманатымыз” акциясының аясында бар жақсылықты, мейірім мен махаббатты, шынайылықты біз көрсетуіміз керек,- деп есептейміз.
Екатерина КОВАЛЬ, ОБЛЫСТЫҚ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТҮЛЕГІ:
“Мен биыл 9 сынып бітіріп жатырмын. Болашақта гуманитарлық колледжге түсіп мұғалім мамандығына оқығым келеді. Мен балаларды жақсы көріп, оларға үлгі болғанды қалаймын. Балаларды жақсы көрем”.