Алматы қаласында мектеп бітіруші қыздар бейтаныс жігітті төмпештеп, тепкілеп, онысымен қоймай видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жүктеген. Қыздардың не себепті мұндай іске барғаны белгісіз. {ЗКТ }Желіде лезде тараған бұл бейнежазбадан екі қыз бен бір ұлдың жігітті бірде аяқпен, бірде қолмен аяусыз соққылап жатқанын көруге болады. Қыздар видеоны өз парақшаларына жүктеген. Полиция департаменті көп ұзамай олардың ұсталғанын мәлімдеді.
Салтанат ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Әлеуметтік желілерді зерделеу барысында аталмыш дерек анықталған болатын. Тексеру барысында осы оқиға Түркісіб ауданында орын алғанын анықтап, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысушылар полицияға жеткізіліп, олардың іс әрекеттеріне құқықтың баға берілді.Яғни қылмыстық кодекстің 293 бабының 2 тармағы бойынша бұзақылық дерегі бойынша іс қозғалып қазіргі таңда, осы үш кәмелет жасына толмағандар тергеуге алынды.
Тергеу барысында жәбірленуші жігіт пен қыздардың таныс екені анықталып, жәбірленушінің жағдайы жақсы екенін хабарлады.Енді біреудің денсаулығына қасақана зақым келтіргені үшін кәмелет жасына толмаған қыздар бұзақылық бабы бойынша жазаларын алатын болады.