Жамбыл облысында жол апатына түскен мектеп түлектері ауруханада жатыр

Жамбыл облысында жол апатына түскен мектеп түлектері ауруханада жатыр

Жамбылда мектеп бітіруші түлектер мінген көлік жол апатына түсіп, рөлде болған қыз сол жерде қаза тапты . Ал қалған үш түлек түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған көрінеді. Сол күні ағасының көлігін айдап кетіп, Жаңаталап-Ақтоған ауылы бағытында жолға шыққан. Дәрігерлер ауруханадағы науқастардың жағдайы тұрақты деп отыр. 

Құндыз БӨГЕНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

«Тайота камри» маркалы көлігінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқирғасы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Автокөлік айыптұрағына қойылып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Жолаушылар 20-17 жастағы тұрғындар және 11 сыныпты бітуші түлек ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы тұрақты бақылауда.