Русский Сайттың толық нұсқасы

Ойын-сауық саябағы өртеніп, 27 адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2024
  • 2463

Үндістандағы ойын-сауық саябағы өртке оранды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 25 мамырда болған. Үндістанның Гуджарат штатындағы Раджкот қаласында ойын-сауық саябағында өрт шықты. Салдарынан 27 адамның қаза тапқаны туралы дерек бар.

Басылымның мәліметінше, полиция комиссары қайтыс болған 27 адамның төртеуі – 12 жасқа дейінгі балалар. Кейінірек БАҚ беттерінде Үндістанның құқық қорғау органдары өрттің шығу себебін анықтауға кірісіп, саябақ иесі мен менеджерін ұсталғаны хабарланды.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди X әлеуметтік желісіндегі парақшасында қайғылы жағдайға қатысты жазба жариялады.

"Менің ойым жақындарынан айырылғандармен бірге. Зардап шеккендер үшін дұғадамын", - делінген премьер-министр жазбасында.