Русский Сайттың толық нұсқасы

Келіншек 36 жылдан кейін анасымен қауышты

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2024
  • 2627

"Көреміз" бағдарламасына Айдана есімді келіншек анасын іздеп келген еді. Бағдарлама тілшілері Айдананың анасын тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Айдана Естенбаеваның анасы 36 жыл бұрын перзентханада баласын тастап кеткен. Есімін "Марианна" деп атаған екен. Асырап алған ата-анасы сәбидің есімін "Айдана" деп қойған.

"15 жасымда босанып, тастап кеттім. Ол кезде Марианна деген қыз болды. Өте өжет, мықты. Сол үшін атын солай қойдым",- дейді Айдананың биологиялық анасы.