Русский Сайттың толық нұсқасы

Су астында қалған 4 мыңнан аса үй апатты деп танылды

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2024
  • 2097

Алдын ала жасалған қорытындыларға сәйкес, жалпы ел бойынша 9 мыңнан астам үй жөндеуден өтеді. 4 315 үй апатты деп танылды. Осыған байланысты өңірлерде 1847 үй мен пәтердің құрылысы басталған, бұрын пайдалануға берілген 3417 пәтер мен үйді сатып алу жоспарланып отыр.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев көктемгі су тасқыны кезінде су басқан үйлердің жай-күйін бағалау жұмыстары туралы баяндады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта республика бойынша шамамен 12 155 үй, сондай-ақ 18 321 саяжай учаскесі зардап шекті, оның ішінде 5 353 саяжай үйі азаматтардың жалғыз баспанасы.

«28 мамырдағы мәліметке сәйкес, республика бойынша 15 093 үй мен саяжай үйлер техникалық тексеруден өткізілді – бұл зардап шеккен үйлердің жалпы санының 84%. Бағалау жұмысынан тек 11 134 үй өтті – бұл 64%-ды құрап отыр. Осы орайда жекелеген өңірлерде техникалық тексеру және бағалау жұмыстарының қарқыны төмен екенін айта кету керек», деді Бозымбаев үкімет отырысында.


Бозымбаев құрылыс маусымының қысқа болуына байланысты әкімдерге жұмыстарды кешіктірмеу қажет екенін ескертті.