Су тасқынынан зардап шеккен құлсарылықтар бағалау қорытындысына сәйкес қаражаттарын алып жатыр, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Құлсары қаласындағы 4-учаске тұрғыны, 74 жастағы ардагер теміржолшы Айтбай Шайпахов 2018 жылы салынған үйінің белуарына дейін суға кеткендігін айтады. Қазіргі таңда бөлінген қаражаттың есебінен үйінің ішіне және сыртқы бөлігіне жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сондай-ақ, 5 сәуірде су тасқыны салдарынан үйі құлаған 4-учаске, Бекбике көшесінің тұрғыны Нәсіпбай Сағынбаевтың бала-шағасымен ауладағы ағаш үйде тұрып жатқанына екі айға жуықтады. Қазіргі уақытта үйді қарайтын техникалық бақылаушылар мен бағалаушылар жағдайды зерделеп, қорытындысын шығарған.