Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл сайын суармалы егіншілікте шамамен 2 текше шақырымнан астам су шығыны болады

Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының тозығы жеткен және оларды дамыту - өзекті мәселе. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аграрлық мәселелер комитетінің отырысында осылай деді. Еліміздегі су ресурстарының 65 проценті ауыл шаруашылығы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қолданылады. Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының ескіруі салдарынан жыл сайын суармалы егіншілікте шамамен 2 текше шақырымнан астам су шығыны болады. 

Ерболат ИБРАЙХАНОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Аталған шығындардың көлемін азайту мақсатында министрлік тарапынан ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 -2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспары аясында нысандарды реконструкциялау мақсатында жұмыстар атқарылуда. Министрлік тарапынан жаңа су шаруашылығы нысандарын қарқынды салу мен барларын жөндеуге басымдық беріледі.