Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысының тұрғыны ұлының өліміне полицейлерді кінәлайды

Атырау облысының тұрғыны ұлының өліміне полицейлерді кінәлайды. Туыстары құқық қорғаушылар жазадан сытылып кете ме деп қауіптенеді. Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының тұрғыны Жанаргүл Шүренбай әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялады. Онда мотоцикл тізгінінде болған 17 жастағы ұлын полиция қызметкерлері қызметтік көлікпен қуып, басып өлтірді,-дейді. 

Жанаргүл Шүренбай, ТҰРҒЫН:

Ұлым Кемелбай Мереке азамат болғанда полиция қызметкерлері заңсыз қуып мотоциклден құлатып, одан әрі басынан басып өлтіріп отыр. Менің ұлым қылмыскер емес. Жасы не болғаны 17-де еді. Ол баланы қуатындай қандай себеп болды соншама. + Ұлымның өліміне қатысты екі полицейдің жазадан құтылып кетпеуіне қолдау сұраймын.

Оқиға 25 сәуір күні түс кезінде болған. Мотоцикл тізгініндегі жасөспірім оқиға орнында қаза табады. Оның қасындағы жолаушы дін аман. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Патрулдік көлікті басқарған полиция қызметкері жұмыстан қуылыпты. 

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сотқа дейінгі тергеу амалдарын Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жүргізуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. Жол көлік оқиғасына қатысқан екі полиция қызмектерінің көлік жүргізген қызметкері қызметтік теріс себептермен жұмыстан босатылды. Екінші, оның жанындағы қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды.