Русский Сайттың толық нұсқасы

Темекінің бағасы өседі

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2024
  • 2794

Қаржы министрі Мәди Такиев темекіге ең төменгі бағаны көтеруді көздейтін «сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростар мен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек бағаны белгілеу туралы» № 196 бұйрыққа түзетулер енгізуге қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұйрық құжатына сәйкес, фильтрлі, фильтрсіз 20 темекіге, папирос пен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек сауда бағаларын 2024 жылғы 1 шілдесінен бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін 770 теңгеден 820 теңгеге дейін бекіту жоспарланды. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңгеге дейін ұлғайту көзделген.

Бұйрық «Ашық НҚА» сайтында 10 маусымға дейін орналастырылған. Ол 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Темекі бұйымдарының ең төменгі бөлшек сауда бағасының көтерілу себептері темекі өнімдеріне акциз ставкасының өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға артуы болды (сүзгіден өткен және сүзгісіз темекіге, темекіге акциз ставкасы: 2023 жылы – 14100 теңге/1000 дана, 2024 жылы – 15 900 теңге/1000 дана).