Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында жасөспірім қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2024
  • 1211

Қайғылы жағдай Индер ауданы Индербор кентінде орын алды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

29 мамырда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Индер ауданы Индербор кентінде Жайық өзенінің тасуы салдарынан жиналған судан жасөспірімнің денесін шығарды. 2009 жылы туған Индербор кентінің тұрғыны 28 мамырда күндізгі уақытта достарымен су айдындарына кетіп, кері оралмаған.

Құтқарушылар сол уақыттан бастап іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 29 мамырда түнгі сағат 04:40 шамасында жасөспірімнің денесін судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Қазір Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен суы өз арнасынан асып, жайылмаға тараған болатын. Ал жасөспіріммдер 170 см биіктіктегі жайылма суға шомылғандығы анықталды. Осыған байланысты төтеншеліктер су тасқыны кезінде қауіпсізідік шараларын сақтап, жазғы демалыс уақытында балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады. Ағыспен келген қоқыстар, ағаш қалдықтары мен басқа да заттар қауіпті саналады.