Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел бюджеті мұнай құны барреліне 50 доллар мөлшеріне негізделіп жасалды

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2017
  • 2044

Қазақстанның бюджеті мұнай құны барреліне 50 доллар мөлшеріне негізделіп жасалды. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Мәжілісте «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң таныстырылды. Шенеуніктің айтуынша, бұл өзгеріс биылғы жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамына қатысты. Сондай-ақ АҚШ долларының есептік бағамы 360-тан 330 теңгеге түскені, мұнай бағасының болжамдық құны барреліне 35 доллардан 50 долларға дейін өзгертілгені назарға алынған.     

Базаргүл ОТЫНШИЕВА