Теңге
жаңа рекорд орнатты. КASE-нің таңғы сессиясы бойынша бір доллар 321,66 теңгеге
дейін төмендеді. Минималды баға 321,20 теңгені құраған. Ал максималды көрсеткіш
322 теңгеге жетті. Астанадағы айырбас орталықтары көк қағазды 321-322 теңгеден
сатып алып, 323-324 теңгеге сатып жатыр. Электронды саудаға сай Brent маркалы
мұнайдың бағасы баррелі үшін 56,66 долларды құрады.