Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда мыңнан астам тұрғын орталық су және кәріз жүйесіне қосылады

Қарағандыда 1 100 тұрғын орталық су және кәріз жүйесіне қосылады. Қазір Сахалин кентінде желілердің құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша шамамен 9 шақырым су және 4,5 шақырым кәріз құбыры салынады. Мердігердің айтуынша, материалдар мен жұмыс күшіне қатысты проблема жоқ. Жаңа желілерге Тельман, Коммунистік, Линейная және Литвин көшелерінің тұрғындары қосылады. Бұл- шамамен 400 үй. Алдағы уақытта оған тағы қосымша абоненттерді қосуға мүмкіндік бар. Бүгінде өңір тұрғындарының 99,2% - ы орталық су жүйесіне қосылған. Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін жауаптылар 2025 жылдың соңына дейін толығымен шешуді көздеп отыр. 

Жанболат ТОҚМҰРЗИН,  ҚАЛАЛЫҚ ТКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір мердігер белсенді жұмыс істеп жатыр. Шамамен 1,5 км сумен жабдықтау құбырлары және 300 метр кәріз жабдықталған. Жұмыстар бір мезгілде екі бағытта жүргізілуде. Жобаны биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Содан кейін міндетті түрде асфальттау жұмыстарын жүргіземіз