Осы дұрыс тамақтанбаудың кесірінен өзге де аурулар көбейген. Күн сайын қант диабетіне шалдыққан 100-ге жуық адам есепке алынады. Ал ел бойынша 500 мыңға жуық адам қауіпті кеселмен ауырады. Бұл мәселе тек дәрігерлерді емес, депутаттарды да алаңдатып отыр.
Елімізде соңғы 15 жылда қант диабетімен ауыратындар саны 45 есе өскен. Ал 2030 жылға қарай 800 мыңнан асады деп болжанып отыр. Бұған -генетикалық факторлар мен күйзелістен бөлек, тағам пен сусындар құрамындағы қант мөлшерінің көптігі себеп. Елордалық Исмаил Әзілбаев та 12 жылдан бері осы аурудан қиналып келе жатқанын айтады.
Исмаил ӘЗІЛБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Асқынып кетті, инсульт алып қалдым сахарный диабеттен. Қазір учетта тұрамын. Емделіп, дәрімді ішемін, инсулин салып отырамын. Әке-шешем де жоқ, балаларым да таза тексерілді. Бірақ өзім осылай болып қалдым. Қазір 2-ші группа инвалидпін. Ем қабылдап тұрамын. Больницаға жатып тұрамын. Әр 6 ай сайын.
Науқастар үшін емханаларда диабет мектептері жұмыс істейді. Онда дұрыс тамақтану бойынша ақпарат беріледі. Балалар арасында аурудың көбеюі дәрігерлерді алаңдатып отыр.
Айдана ФАЙЗУЛЛА, ДӘРІГЕР-ЭНДОКРИНОЛОГ:
Семіздікке байланысты жүре келе пайда болатын 2-ші типі балалар арасында жиі кездеседі. Яғни, ол көбінесе дұрыс емес тамақтануға байланысты, әсіресе жасөспірімдерде қимыл-қозғалыстың болмағандығының әсерінен, сонымен қатар, жеңіл сіңірілетін көмірсуларды қолдануларынан, яғни, тәттілер, күнделікті дүкен сөрелеріндегі тәттілерді қабылдау әсерінен, сонымен қатар физический нагрузканың болмауының әсерінен көбінесе осы 2-ші типті қант диабетіне шалдығу көп.
Депутат Ирина Смирнова қант диабетімен күресудің тиімді шараларының болмауынан науқас көбейіп барады дейді. Жұрт қанты көп тағамдарды жиі тұтынады. Сондықтан құрамында қанты бар сусындарды өндірушілерге салық салу қажет дейді.
Ирина СМИРНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Олар да жауапкершілікті сезуні тиіс. Өйткені дәрігерлер: «қант диабетінің бірден-бір себебі, осы тауарды тұтынғаннан», – деп отыр. Егер 10% ғана салық салынса, яғни ол шамамен 20 теңге болса, онда қант диабетінің алдын алу мен оны емдеу үшін мемлекетке қажетті сома түсер еді. Сол ақшаны науқастарға бағыттау қажет.
Құрамында қанты бар өнімдерге салық енгізу туралы шешімді әлемнің 65 елі қабылдап, жүзеге асырған.