Русский Сайттың толық нұсқасы

Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасу рәсімі 14 ақпанда өтеді

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2017
  • 2203

Қозы-Көрпеш Жаңбыршинді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 14 ақпанда Астанада өтеді. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Марқұммен қоштасу үшін жамағат Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрына жиналмақ.

Ақпанның 11-нен 12-сіне қараған түні Есеп комитетінің басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин дүние салды. Ол 57 жасында жүрек талмасынан көз жұмған.