Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында шегіртке көбеюде

Жамбыл облысында шегіртке көбеюде. Қазірден оны жоймаса алдағы екі жылда шегіртке қаптайды деп мамандар дабыл қағуда. Зиянкестердің таралу циклі қайталанбас үшін алқаптарды дәрілеу шаралары басталды. Биыл үйірлі үш түрлі шегіртке 131 гектарға тұқым тастаған. Байзақ ауданында 17 мың гектардан аса алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілсе, соның 16 мың гектарына осы шегірткенің түрі таралған. Аймақта үйірлі шегірткенің итальяндық прус деген түрі де жиі кездеседі. Даланы өңдеу жұмыстарына арнайы ұшақтар мен жерүсті бүріккіш техникалар пайдаланып жатыр. 

Әсемғали ҚАБДҰШЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ БОЛЖАМДАР ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Таралу деген 1-2 дана қалса да ол болашақта келесі жылы 1 шегіртке 3 купшик салатын болса 1 шаршы метрден 90 шегіртке шығады деп болжамдай аламыз. Сол себептен ол шегірткенің негізі көтерілуі қазір байқалып келе жатыр. Бірақ та пигі әлі алда.

Сәбит ЖҮСІПОВ, ҚР АШМ АӨК МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі күнге жерүсті бүріккіш техникалармен италияндық прус шегірткелеріне қарсы 4253 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Әлі жалғасуда. Қазіргі таңда мынау Т.Рысқұлов Меркі Шу аудандарында бүгінгі күні жауын шашынның көп болуына байланысты қаз тоқтап тұр. Жауын шашын болғанда жел болғанда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмейді тоқтатылады.