Қазақстан мен Қытай арасында автомобиль көлігімен тасымалданатын жүк көлемі ұлғаяды. Былтыр 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейді. Енді Мәжіліс депутаттары бұл көрсеткішті тағы арттыратын жаңа заң жобасын ратификациялады. Бұл норманың аясында отандық автокөліктер аспан асты еліне ішкерілей кіріп, теңіз порттарына дейін бара алады. Толығырақ Аружан Задабек түсіндіреді.
Екі ел арасындағы автомобиль тасымалы туралы келісім 1992 жылы жасалған. Демек, бұл құжатқа биыл - 32 жыл. Мұндағы нормаға сәйкес біздің көліктер Қытай шекарасының айналасына ғана бара алатын. Ал, жаңа заңның нәтижесінде жүк тасымалдаушылар аспан асты елінің ішіне, яғни портына дейін жетеді. Тұрғындарға сол жерден тауар алып, елімізге әкелуге мүмкіндік бар.
Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:
Тереңдету жұмысын жасап жатырмыз. Тереңдету не береді? Қазір біздің кемелер 30% төмен жүктеліп отыр. Өйткені Ақтау мен Құрықтың тереңдегі 5-жарым мерт болып отыр. Тереңдету нәтижесінде 6-жарым болады. Біз көп жүк ала аламыз.
Бірақ ескеретін мәселе бар. Құжат қабылданды деп, барлық көлік түрі портқа бара алмайды. Өзінің талабы бар. Яғни, Евро-4, Евро-5 стандартына сайлары ғана шекарадан өтеді. Бұл Қытай темір тұлпарларына да қатысты.
Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Қытай мемлекеті бұл заңды ратификациядан өткізіп қойды. Біздің кәсіпкерлерге үлкен мүмкіншілік. Географиясы кеңейтіледі. Сондықтан қазірдің өзінде, биыл біз 200 мың жүк тасымалдаушы машина кіреді деп жоспарлап отырмыз. Ендігі жылы екі есе, 400 мың болуы мүмкін.
Екі ел арасындағы тасымал көлемі 2022 жылы 760 мың тонна болса, былтыр 1,3 млн тоннаға жетті. Биыл оны 2 млн тоннаға ұлғайту көзделген. Ал 2030 жылға қарай 4 млнға жетуі мүмкін. Әрине, оған жаңа заң жобасы әсерін тигізеді. Яғни, жеткізу процесі жылдамдайды. Бұрын 19-23 күн болса, енді 12-13 күнге қысқарады.
Жасұлан КЕРІМБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Бүгінгі Парламент Мәжілісінде қабылданған төрт халықаралық келісімдер Қазақстанның көлік логистикалық әлеуметін арттыруға арналған құжаттар. Яғни, ол біздің ел арқылы өтетін транзиттік жүктердің уақытын, бағасын қысқартуға бағытталады.
Еліміз жылдан жылға Қытайдан келіп жатқан тауарлардың транзиттік көлемін ұлғайтып отыр. Жаңа инфрақұрылымдық жобалар да іске асып келеді. Қазір Қазақстанның өзінің транзиттік әлеуетін қолдануға толық мүмкіндігі бар. Нәтижесінде, былтыр екі елдің сауда-саттық көлемі 31 млрд долларға жеткен. Қазір қос Мемлекетің басшылары мұны 40 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр.