Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстандық науқастардың өліміне қазақстандық препараттың қатысы жоқ – «КирТАГ»

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2017
  • 2085

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі науқастардың қазақстандық дәріден өлмегенін мойындады. Бұл туралы «КирТАГ» агенттігі хабарлайды.

Еске салайық, бұған дейін түберкулез ауруымен сырқаттанған сол елдің екі азаматы қазақстандық препараттан көз жұмуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда тексеру барысында науқастың біреуі ФС-1 препаратын уақытылы қабылдамай, ауруын асқындырғаны белгілі болды. Ал екінші азаматтың түберкулезден бөлек жүрегінде ақау болғаны анықталды.