Русский Сайттың толық нұсқасы

Күн қашан жылынады?

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2024
  • 2796

Синоптиктер 30 мамыр – 1 маусым аралығына ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батысында 1 маусымда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Оңтүстікте жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтайды.

Баренц теңізіндегі жоғары қысымның әсерінен түнде және таңертең 3 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Солтүстік-батыста 31 мамырда, солтүстікте 1 маусымға дейін, шығыста 1 маусымда ауа температурасы жоғарылайды. . Республиканың батысында, оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін болса, солтүстік, солтүстік-батыс және орталықта 15-25 градусқа күн жылынады. Ал оңтүстік-шығыста 22-27 градус, шығыс облыстарда ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді.