Русский Сайттың толық нұсқасы

Жазғы мектепте оқушылар ыңғайлы кесте мен қызықты форматта білім алуда

Елімізде оқушылар жазғы мектепте білім алуда. Мәселен, Алматы облысындағы Қапал батыр атындағы орта мектепте 200 оқушы сабаққа барып жүр. Мұнда оқушылар білім көкжиектерін кеңейтіп қана қоймай, ішкі жан дүниелерін рухани байытады. Олардың барлығы уақытты тиімді өткізіп, ыңғайлы кесте мен қызықты форматта оқиды. Жазғы мектептен емтихан тапсыратын 9-11 сынып оқушыларынан басқа, барлық шәкірттер үшін ұйымдастырылады. "Табысты 50 мектеп" жобасы аясында білім ордасының 3 кабинеті жаңа құрылғылармен жабдықталыпты. 

Ләззат ИНКАРБЕКОВА, ҚАПАЛ БАТЫР АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Бізде ұлттық қордан біздерге физика, математика және химия кабинеттері бөлінді. Ол қазіргі заманауи жаңағы лабароториялық, практикалық жұмыстарға керекті құрал жабдықтармен жабдықталды. Сол мақсатта біз ауыл балаларын, қала балаларының деңгейімен бірдей көтеру мақсатында жақсы жұмыстар ұйымдастырдық.